Жарияланды: 350

«Сары құрлықтағы» қауіпсіздік шаралары Азия кеңесінде талқыланады

31 мамыр мен 1 маусым күндері Түркияда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (Азия кеңесі) Арнайы жұмыс тобының және Аға лауазымды тұлғалар комитетінің кезекті мәжілістерінде

«сары құрлықтағы» қауіпсіздік шаралары талқыланады. Бұл жөнінде бүгін Астанада өткен брифинг барысында ҚР СІМ ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлімдеді. Оларға Кеңеске мүше 23 мемлекеттің өкілдері қатысады деп күтілуде. Отандық делегацияны Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Дулат Бақышев басқарады. «Жиналыстар барысында Азия Кеңесі Атқарушы директорының есебі, Азия құрлығында қауіпсіздік пен сенімді нығайтуға бағытталған әскери-саяси, экономика, қоғамдық және экология салаларындағы шараларды талқылау жоспарлануда», - деді ресми өкіл. Сонымен қатар, оның атап көрсеткеніндей, 30 мамырда аталмыш жиналыстардың қарсанында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі сарапшылардың кездесуі және адам саудасы мәселелері бойынша Азия кеңесі мен Халықаралық миграция ұйымының бірлескен семинары өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть