Сарыағашта Италия алмасы өсіп келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сарыағашта Италия алмасы өсіп келеді

Сарыағашта Италия алмасы өсіп келеді

Алдағы жылы оңтүстікқазақстандықтар  итальяндық алманың дәмін тата алады. Сарыағаш ауданында 15 гектар жерге бау егілген. 

  • 28 Мамыр 2015
  • 381
Фото - Caravan.kz


Шаруалар алма көшеттерін күнгей Италиядан арнайы алдырды. Кәсіпкер Жомарт Әбдімаевтың айтуынша, бұл көшеттер сәуір айында егілген. Бір ай уақыт өтер-өтпесте көшеттер адам бойымен бірдей өсіп, түйіндей бастаған.

«Бау егуді біз алғаш болып қолға алып отырмыз. Италиядан әкелген көшеттерді 15 гектар жерге ектік. Осы тұста біздің климатқа неғұрлым жақын келетіндерін таңдадық. Итальяндықтардың өздері келіп, көрді. Айтуларынша, біздің жер Италияға қарағанда құнарлы дейді. Енді, бұйыртса, күзде тағы 15 гектар жерге көшет егуді жоспарлап отырмыз»,- дейді «Ынтымақ — Бес арыс» ЖШС директоры Жомарт Әбдімаев. 
Сарыағаштық шаруалар келер жылдан бастап қомақты өнім жинайтындарына сенімді. Ағаштар нығайып жетілген соң, жеміс береді. Өскіндерді күтіп-баптау арнайы технология бойынша іске асады. Кәсіпкер алма бағын өз қаржысына өсіріп отыр. Әрбір гектардың шығыны орта есеппен 1 миллион екі жүз мың теңгеге жуықтайды. Жергілікті билік биыл қаржылай қолдау көрсетіп, мемлекеттік субсидияға қол жеткізуге уәде беріп отыр, деп хабарлайды otyrar.kz.