«Сарыарқа» кезекті жеңісіне қол жеткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сарыарқа» кезекті жеңісіне қол жеткізді

«Сарыарқа» кезекті жеңісіне қол жеткізді

Бүгін түнде чемпиондар лигасының жартылай финалында өнер көрсететін қос команданың есімі белгілі болмақ. Лондондық “Челси” “ПСЖ”ны қабылдаса, “Реал” дортмундта жергілікті “Боруссиямен” кездеседі.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 181
Фото - Caravan.kz

Мадридттық клуб жартылай финалға бір табан жақын. “Саньтияго-Бернабеу” стадионында Юрген Клопп шәкірттерін 3:0 есебімен ойсыратқан “корольдік клуб” бұл жолы да жеңіске жетеміз деп жігерленіп отыр. Өткен маусымда германиялықтарға есе жіберген “Реал” қарымта қайтаруға ниетті. Алайда өз жанкүйерлері алдында жігерленген “Боруссия” былтырғы жетістікті қайталауға тырысатыны анық. “Боруссия” мен “Реал” арасындағы кездесуді сіздер біздің арнадан түңгі сағат 00:45 те тікелей эфирде көре аласыздар.  

 

Қарағандының «Сарыарқасы» Жоғарғы Хоккей Лигасының ақтық мәресіне жолдама алды. Жартылай финалда олар Нефтекамскінің «Торос» командасын төрт ойында тізе бүктірді.

Қарағандыда өткен төртінші кездесу 2-0 есебімен аяқталды. Ойындағы есепті 28-минутта «Сарыарқаның» қорғаушысы Дмитрий Громов ашты. Ал негізгі уақыттың аяқталуына бір минут қалған кезде Константин Макаров есепті еселей түсті. Осылайша «Торосқа» қарсы кездесуде қатарынан төрт ойында жеңіске жеткен қарағандылық клуб Братины Кубогінің алғашқы финалисті атанды. Ал «Сарыарқаның» ақтық мәредегі қарсылысы «Рубин» мен «Молот-Прикамье» жұбының жеңімпазы атанады.

 


Еуропада веложарыстар  эстафетасы жалғасуда. Бельгиядағы бірнеше велододаның ізін ала  Испанияда әйгілі «Баск елінің туры» басталды.  153 шақырымды құраған көпкүндіктің алғашқы кезеңінде испаниялық Альберто Контадор топ жарды.

Өзгелерге қарасын көрсетпей кеткен Контадор жарыс жолын 4сағат 5минут 7 секундта еңсерді. « Movistar» клбуы сапында өнер көрсететін оның отандасы Алехандро Вальверде мәре сызығын екінші қиды.  Жүлделі үшінші орынға поляк шабандозы Михайл Квятковский табан тіреді.  Біз көз тіккен  «Астананың» өкілдері   үздік ондықтың қатарына ілінген жоқ.  Жалпы отандық клуб сапында Микель Ланда, Энрико Гаспаротто, Алессандро Ванотти, Янец Брайкович, Льюв Вестра, Фредерик Кессиякофф  және жерлестеріміз Максим Иглинский, мен Александр Дьяченко өнер көрсетуде.