ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Қазақмыс» корпорациясы «Жезқазғантүстіметалл» ӨБ-нің №67 шахтасында 47 жастағы жұмысшы жоғарыдан құлаған тау массасынан жарақаттанды.
Төтенше жағдай орнына Қарағанды облысы бойынша ТЖД-нің 2 адамы мен 1 техникасы шықты. Жарақат алған жұмысшы ауруханаға жеткізілді.