"Орыс тілін қолдайтындай қазақ тілі сияқты өлейін деп жатыр ма?": Сәуле Әбілдаханқызы заң жобасын қажетсіз санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 495.2
  • 522.34
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орыс тілін қолдайтындай қазақ тілі сияқты өлейін деп жатыр ма?": Сәуле Әбілдаханқызы заң жобасын қажетсіз санайды

"Орыс тілін қолдайтындай қазақ тілі сияқты өлейін деп жатыр ма?": Сәуле Әбілдаханқызы заң жобасын қажетсіз санайды

Депутаттардың сөзінше, бұл халықаралық ұйымның құрылуы Қазақстан үшін тіл мәселесі емес, сыртқы саясатқа қатысты өте маңызды мәселе болмақ.

  • 21 Қараша
  • 8
Фото: exclusive.kz

Орыс тілін қолдау үшін жыл сайын бюджеттен 43 млн бөлінеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Мұны 84 депутаттың 82-сі қолдады. Бұл мәселеге қатысты журналист ашық позициясын білдіріп, пікір қалдырды:

«Орыс тілін қолдайтындай, немене, қазақ тілі сияқты реанимацияда өлейін деп жатыр ма еді???

Мектептеріміз — 99% аралас мектеп, «аралас» деген аты ғана — бәрінде орыс тілі үстем. Балабақша, аула, дүкендер, қызмет кқрсету орындары, мемлекеттік органдар т.с.с. — бәрінде орыс тілі үстем. Құжаттарың, заңдарың алдымен орысша жазылады, кейін қазақша аударылады, онда да біз сияқты бірен-саран адамдар қазақшасын сұраса ғана — іздеп, күттіріп жүріп тауып береді… қазақ тілің — калька тіл болды… Орыс тілі саясатының бүкіл салада іс жүзінде үстемдігі жүріп тұр…

Сонда орыс тілін қолдау деген саясат қай аталарыңның басына керек? Оған арнайы миллиондар бөлу қай жеті атаңның басына керек? Онсыз да бүкіл байлығымыз, бүкіл миллиардтарымыз, тіпті, сағатымызға дейін солардың мүддесіне қызмет етіп тұр ғой!

Сатқындар!», — деп жазды ол.

Айта кетейік, Мәжіліске орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру шартын ратификациялау туралы заң жобасы түсті. Былтыр қазанда Қазақстан атынан президент Қасым-Жомарт Тоқаев орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру жөніндегі келісімге қол қойған. Содан кейін шыққан Үкімет қаулысы жобасында «орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру жөніндегі келісімді бекіту туралы» заң жобасы Парламент мәжілісі қарауына енгізілетіні хабарланған еді. 

Депутат Ермұрат Бапидің сөзінше, бұл халықаралық ұйымның құрылуы Қазақстан үшін тіл мәселесі емес, сыртқы саясатқа қатысты өте маңызды мәселе болмақ.

«Қазақстанда орыс тілінің проблемасы жоқ. Қазақ тілінің проблемасы бар. Әрбір отбасыдан, балалар бақшасынан бастап біз орыстың тіліне зерекпіз, қазақтың тілі емен есікті кеңселердің ішінде көп қолданылмайды. Сондықтан біз қоғамға ашығын айтуымыз керек»,  деді ол.