Жарияланды: 740

Сәтпаев қаласында белгісіз біреу 5 баланың анасын жауыздықпен өлтіріп, көшеге лақтырып кеткен

Сәтпаев қаласында белгісіз біреу 5 баланың анасын жауыздықпен өлтіріп, көшеге лақтырып кеткен

Қарағандының Сәтпаев қаласындағы жанар-жағармай құю бекетінде көпбалалы ананы өлтіріп кеткен күдікті бес күннен бері табылмай жатыр.

Полиция қызметкері қылмыскердің ізіне жуық арада ғана түскен, деп жазады Stan.kz.

Күдік туғызатыны жантүршігерлік оқиғаның өзі тәулік бойы жұмыс істеп тұратын бейнебақылау камерасына түспей қалыпты. 

Марқұмның жақындары 36 жастағы Жансая Төлендиеваның сол күні жанар-жағармай құю бекетіне түнгі ауысымға түскенін айтады. Сөздерінше, оқиға таңғы сағат 4-тер шамасында болған. Газ баллонын толтыруды сұраған белгісіз біреу келіншектің артынан келіп, басынан ұрған дейді. Айтуларынша, кейін қансыраған күйде жатқан әйелді ешкім көрмейтін жерге апарып тастаған. 

Сорақысы, жанармай құю бекетінде Жансаядан басқа тірі жан болмапты. Әйелдің жан дауысын естіген көршілер үйден шығып жедел жәрдем шақыртқан кезде бәрі кеш болған.

Айта кетсек, Жансая Төлендиеваның соңында 5 баласы жетім қалды. Көпбалалы отбасы бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрған екен.

«Ол бала камераны алдын-ала қиған дейді. Онда бір ғана видеокамера болу керек. Соны алдын ала қиып, сосын таңғы төртте газ баллонын апарып қойған дейді. Содан таңғы 4-те ана бала баллон толтыруға шыққан. Біз ойлаймыз танитын адам шығар деп. Өйткені, олар түнде газ толтыруға шықпайтын дейді. Сосын онда күзетші де жоқ. Шабуылдаушы артынан келіп ұрған деседі. Басында өтпейтін зат деп айтқан, одан кейін балтамен ұрған деп жатыр», - дейді марқұмның туысы Гаухар Сәдуова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін