Сауд Арабиясында әйелдерді ұрып-соғуға тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сауд Арабиясында әйелдерді ұрып-соғуға тыйым салынды

Сауд Арабиясында әйелдерді ұрып-соғуға тыйым салынды

Сауд Арабиясының тарихында тұңғыш рет отбасындағы зорлық-зомбылықтың алды-алуға арналған әлеуметтік мәні бар бағдарлама қабылданды, деп хабарлайды muslim.kz.

  • 31 Тамыз 2013
  • 441
Фото - Caravan.kz

Осы науқан аясында көзі көгерген әйелдің суреті ілінді. Суреттің астында «Кейбір нәрселерді жасыру мүмкін емес» деп жазылған

Сауд Арабиясының тұрғындары үшін бұл бағдарлама қыз-келіншектерге қатысты оң өзгерістің белгісі болып табылады. Аталмыш бағдарламаны Сауд Арабиясын 1975 жылдан 1982-ші жылға дейін басқарған король Халид атындағы қор жүзеге асырады.

Королдік қордың сайтындағы хабарға қарағанда, ел аумағында әйелдерді ұрып-соғу кеңінен етек алған. Патриархалдық құрылым үстемдік еткен елде осынау келеңсіз оқиғалар құпия күйінде қалып қойып жататыны жасырын емес.