Саудабаев ҚР президентінің жанындағы Мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссиясының отырысын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саудабаев ҚР президентінің  жанындағы Мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссиясының отырысын өткізді

Саудабаев ҚР президентінің жанындағы Мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссиясының отырысын өткізді

Астана. 28-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Кеше "Ақордада" Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен президенттің жанындағы Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комиссиясының отырысы болып өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Қараша 2007
  • 471
Фото - Caravan.kz

Отырыс барысында Қанат Саудабаев «мемлекеттік награда дегеніміз — бұл ынталандырудың жоғарғы түрі, кәсібилік пен белсенді азаматтық тұғырнамаға көрсетілген жоғарғы құрмет, адамдардың еңбектегі табыстары мен шығармашылық жетістіктерін қоғамның мойындауы» деп атап көрсетті.

«Комиссия міндеті — орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, еңбек және шығармашылық ұжымдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың ұсыныстырын терең және объективті қарастырып, нағыз лайықты деген адамдарды Елбасыға таныстыру», — деді мемлекеттік хатшы.

«Ұсынылған үміткерлерді қарастыру кезіндегі біздің, комиссия мүшелерінің, үлкен жауапкершілігін атап өткім келеді және біз барлығымыз мемлекет басшысының зор сенімін толық ақтаймыз дегенге сенім білдіргім келеді», — деп сөзін түйіндеді Қ. Саудабаев.

Отырыс қорытындысы бойынша «комиссия марапаттау үшін нақты үміткерлерді ұсынды. Олардың қатарында жұмысшылар мен шаруалар, мәдениет, ғылым, білім және денсаулық сақтау қайраткерлері, еңбек және соғыс ардагерлері, әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар», — деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетсек, «Мемлекеттік награда туралы» заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының президентіне сыйлықты тағайындау туралы ұсынысты парламент, үкімет, министрлік және басқа да орталық және жергілікті атқару органдары, шығармашылық одақтар мен өзге де ұйымдар енгізе алады.

«Мемлекеттік сыйлықты тағайындау комиссиясы туралы» ережеге сәйкес, комиссия түскен ұсыныстарды қарастырады және марапаттауға лайықты азаматтардың есімін Елбасына ұсынады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті