Сәуір айында Алматыда орташа ауа температурасы қалыпты деңгейде болады деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сәуір айында Алматыда орташа ауа температурасы қалыпты деңгейде болады деп күтілуде

Сәуір айында Алматыда орташа ауа температурасы қалыпты деңгейде болады деп күтілуде

Алматы. 28 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Сәуір айында Алматыда орташа ауа температурасы қалыпты деңгейде болады деп күтілуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасай отырып. "Орташа айлық ауа температурасы +12 градус жылы болады деп күтіліп отыр", - деп хабарлады Гидрометеорологиялық орталық директоры Светлана Аманқұлова.

  • 29 Наурыз 2008
  • 673
Фото - Caravan.kz

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, алғашқы онкүндікте ауа температурасы түнде 3 — 8 градус жылылықтан -2 — +3 дейін төмендейді, ал күндіз 20 — 25 градустан 5 — 10 градусқа дейін болады деп болжанып отыр. Онкүндік соңында күн жылиды.

Гидрометеорологиялық орталық хабарлағандай, екінші онкүндікте түнгі ауа температурасы 8 — 13 градус, ал күндіз 23 — 28 градусқа дейін жоғарылайды деп күтіліп отыр. Онкүндік соңында күн салқындайды.

Үшінші онкүндікте синоптиктер ауа температурасының түнде 0 — 5-тен 7 — 12 градусқа дейін, күндіз 12 — 17-ден 21 — 26 градус аралығында ауытқитынын болжап отыр.

Гидрометеорологиялық орталық мәліметтеріне сүйенсек, жауын-шашын мөлшері қалыптағыдан аз болады деп күтіліп отыр (қалыпты норма — 109 мм). Жауын-шашын бірінші онкүндікте жиі, екіншісі мен үшіншісінің соңында жауады деп болжануда.

Синоптиктердің хабарламасына сүйенсек, тұман бірінші онкүндік соңы мен үшінші онкүндік ортасында болуы мүмкін. Сонымен қатар, бірінші және үшінші апта ортасы мен екінші апта соңында батыс бағыттағы жел секундына 5 -10 метрге дейін күшейеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті