Саяси лауазымдағылардың орташа жасы 48-ді құрайды - Ә. Бәйменов - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саяси лауазымдағылардың орташа жасы 48-ді құрайды - Ә. Бәйменов

Саяси лауазымдағылардың орташа жасы 48-ді құрайды - Ә. Бәйменов

Саяси лауазымдағылардың орташа жасы 48-ді, «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы - 39-ды, ал «А» корпусында - 44 жасты құрайды. Бұл турал бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов мәлім етті.

  • 16 Қыркүйек 2013
  • 357
Фото - Caravan.kz

«Бұқараның назарында көбінесе «А» болды. Атап айтқанда бүгінде мемлекеттік қызметшілердің 98 пайызы «Б» корпусына тиесілі. Сол себепті «Б» корпусына қатысты ауыс-түйістің, яғни басшының соңынан командалық шұбап жүретін үрдіс тоқтатылды. Үш айдың ішінде 50 есе азайды. Бұл теңдесі жоқ көрсеткіш», — деді агенттік басшысы.

«Б» корпусына конкурстарға үміткеркерлердің бір орынға шаққандағы саны 2 есеге жуық жоғарылады. Ауыл әкімшілігіндегі мамандардан бастап, орталық органдарды мамандандыруға дейінгі конкурстық комиссияның отырыстарында сіздер қазір бақылаушы ретінде қатыса аласыздар», — деді Ә. Бәйменов.