«Қазақстанның пікірінше, саяси және азаматтық құқықтар арасында зерделі тепе-теңдік болу керек, ал екінші жағынан экономикалық , әлеуметтік, мәдени құқықтарға қолдау көрсетілуі керек. Қазақстан Республикасы құқық қорғау механизмдері бұдын былай дамытылып, нығайтылады деген үмітпен адам құқығы жөніндегі кеңес құруды қолдады «, — деді М. Тәжин.
Министр атап өткеніндей, соңғы уақытта әлем халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа кері әсерін тигізіп жатқан елеулі өзгерістерге тап болды. » Біз жаңадан пайда болып жатқан қауіп- қатерлердің куәгерлері болып табыламыз. Сондықтан халықаралық қауымдастық оған тиісті жауабын беруі тиіс. Жаһандық лаңкестік қаупі, түрлі ксенофобиялар мен адам құқығын таптау, табиғат апаттары, ішкі текетірестер, ВИЧ/СПИД дерті, босқындардың мәселесі, әйелдер мен балалардың саудасы адам құқығы мен бостандығына әкерін тигізуде. Сондықтан адам құқығы жөніндегі кеңес бұл мәселелерге жіті көңіл бөліп, тиімді жұмыс жасау керек «, -деп есептейді ҚР СІМ басшысы.
Министр атап өткеніндей, адам құқығын сыйлау, жалпы адам құндылықтары, оның бостандығы » баршаның болашақ қауіпсіздігі және алға басудың негізгі факторлары болып табылады». «Қазақстан тұлғаның бостандығы мен оның құқығын қорғау саласы бойынша халықаралық қоғамдастықтармен қарым қатынастар жасау үшін ұдайы ашық», — деп атап өтті ол.
М. Тәжин мәлімдегеніндей, «Қазақстан адам құқығы жөніндегі Бас комиссар басқармасының қорғалмаған адамдар тобы мен құқық қорғау талаптары мен қағидаларын жетілдіру жөніндегі барлық қызметіне қолдау көрсетеді».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті