Бұл — адвокаттардың жартылай жеңісі деуге болады. Себебі, судья тергеушілердің шала ісіне, бірнеше томға арқау болған айыптаулар мен куәгерлердің сөздеріне күмән келтіріп отыр. Оның үстіне сотта негізгі куәгерлер бұған дейін айтқанынан жаңылып естерінен танған еді. Атышулы істің қайта тергеуге жіберілуі тарап кеткен қаржы полициясы үшін үлкен сын. Тіпті қылмыстық құрам табылмады деген желеумен іс жабылып тынуы да мүмкін. Сөйтіп Шаяхметовтың ақталып шығуы ғажап емес. Айта кетсек, бұрынғы Білім вице-министріне Өскемендегі болашақ инженерлерге арналған мектеп құрылысына бөлінген бюджеттің 1 жарым миллиард теңгесін жымқырды деген айып тағылуда. Онымен бірге айыпталушылар орындығында құрылыс компаниясының екі басшысы отыр.