"Сэнди" дауылы 80-ге жуық адамның өмірін қиды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сэнди" дауылы 80-ге жуық адамның өмірін қиды

"Сэнди" дауылы 80-ге жуық адамның өмірін қиды

«Сэнди» дауылынан құрбан болғандардың ұзын саны 70 адамнан асты, деп бүгін америкалық БАҚ хабарлады.

  • 30 Қазан 2012
  • 517
Фото - Caravan.kz

Басылым мәлімдегендей, Коннектикут штатының Мэнсфилд қаласында үстіне ағаш құлап бір адам қайтыс болған.

Дауыл салдарынан Нью-Йоркте өз үйінің ауласында ағаш астында қалған бір әйелдің мәйіті табылды.
Солтүстік Каролина жағалауында апат салдарынан HMS Bounty желкенді қайық батып кеткен. Экипаждың он төрт мүшесі құтқарып алынған, бір адам қайтыс болған.
Сонымен қатар, Нью-Йорк штатында төрт адам, Нью-Джерсиде екі адам қайтыс болған.
CNN мәліметіне сәйкес, Батыс Вирджиниядан Солтүстік Каролина мен Коннектикутке дейін АҚШ аумағында он шақты адам көз жұмған.
Гаити аралында дауыл 52 адамның өмірін қиған.
Кубаның мемлекеттік ақпарат құралдары он бір адамның қайтыс болғанын мәлімдеді.
Кариб теңізінде жексенбі күні алты адам мінген қайық жоғалып кеткен. Олардың барлығы Франциядан келген туристер.

Соңғы жаңалықтар