Сексен жасқа келген астаналық жұп некеге тұрды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сексен жасқа келген астаналық жұп некеге тұрды

Сексен жасқа келген астаналық жұп некеге тұрды

Астаналық жұп өздерінің 80 жасқа толар шағында некеге тұруға өтініш берді. Николай Кириллович пен Валерия Ивановна Сарыарқа ауданы тарихындағы ең қарт ерлі-зайыптылар атанды.

  • 30 Қыркүйек 2016
  • 943
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ru.sputniknews.kz хабарлайды, деп жазады stan.kz.

“Иә, неке бізде әртүрлі жаста тіркеле береді. Мысалы, бүгін 1936 жылы туған азамат пен азаматша некелесуге өтініш берді. Олар 90 жылдары ажырасып кетіп, кейін қайтадан бірге тұра бастаған”, – дейді Сарыарқа аудандық АХАЖ қызметкері Бақытгүл Шәйкенова.

“Біз 30 жыл бірге тұрып, кейін ақымақтықпен ажырасып кеттік. Бүгін некелесуге өтініш беріп отырмыз. Балалар да қуанышты. Олар атап өтуге дайындалып жатыр. Бүгін бізде дастархан жайып қонақ күтетін боламыз”, – деді Николай ақсақал.


Сондай-ақ, қария жастарға деген өз ақылын айтуды ұмытпады.

“Жастар, ұсақ-түйекке назар аудармаңдар. Бір-біріңді алдамаңдар. Кейін сол үшін өкінетін боласыңдар. Бір-біріңе деген түсіністік пен сенімді сақтауға тырысу керек. Ешқашан ұрыспаңдар”, – дейді ол.

Соңғы жаңалықтар