Семей өңіріндегі мектептерге көмір жеткізіле бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей өңіріндегі мектептерге көмір жеткізіле бастады

Семей өңіріндегі мектептерге көмір жеткізіле бастады

Семей. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Семей өңіріндегі мектептерге көмір жеткізіле бастады, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық білім беру бөліміне сілтеме жасап.

  • 21 Тамыз 2008
  • 485
Фото - Caravan.kz

Қалада 75 мектеп бар, оның 25-і ауылдарда орналасқан. 28 білім беру мекемесі ғимараттарды жылытуға көмір пайдаланады. «7107 тонна көмір жеткізуге байқау жарияланып, онда «Сем Авто XX» ЖШС жеңіске жетті. Көмір 18 тамыз бен 1 желтоқсан аралығында жеткізіледі», — деп хабарлайды білім беру бөлімі.

«Қазір жылыту жүйелері кесте бойынша дайындалуда. 36 мектепте жылыту жүйелері жуылған, бұл 48%-ға тең. 1 қазанға дейін барлық мекемелерде осындай дайындық жұмыстары аяқталады. 15 тамыздағы жағдаймен мектептердің 85% жаңа оқу жылының басталуына орай дайын болды. 11 мекемеде күрделі жөндеу жүргізілуде. Ол 30 тамызға дейін аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар