Семей қаласының 2004-2006 -жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық индикативтік даму жоспарына сәйкес мектептер санын арттыру көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семей қаласының 2004-2006 -жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық индикативтік даму жоспарына сәйкес мектептер санын арттыру көзделіп отыр

Семей қаласының 2004-2006 -жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық индикативтік даму жоспарына сәйкес мектептер санын арттыру көзделіп отыр

Семей қалалық мәслихатының 4-сессиясында қаланың 2004-2006 -жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық индикативтік даму жоспары бекітілді.

  • 15 Қаңтар 2004
  • 577
Фото - Caravan.kz

Қалалық әкімшіліктің экономика комитетінің бастығы Исламбек Қарахановтың KZ-today тілшісіне хабарлауынша, қазір қаладағы мектептер саны таяуда пайдалануға берілген Бобровка ауылындағы мектеп пен ОВ 156/15 және ОВ 156/14 түзету мекемелеріндегі кешкі мектептерді қосқанда 93-ке жетті.

Білім беру процесінің сапасын жақсартып, мектеп оқушыларының заман талабына сай білім алуына жағдай тудыру мақсатымен алдағы жылдары қала маңындағы ауылдардың бірқатарында білім мекемелері ғимаратының құрылысын қолға алу көзделуде.
2004- жылы Шүлбі ауылында 80 орынға есептелген балалалар үйінің құрылысын бастау, Қайнар ауылындағы орта мектеп жанынан интернат ашу жоспарланған. «Ауыл мектебі» бағарламасы негізінде 2005-жылы Жарқын ауылында 120 оқушыға, ал 2006-жылы Айнабұлақ ауылында 100 орынға есептелген орта мектеп салу белгіленді.
Орта білім беретін мекемелер қатарын көбейту 2006-жылы Восточный поселкесінде басталатын 960 орынға арналған мектеп есебінен жүзеге
асырылмақ.

Соңғы жаңалықтар