Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «өзен вокзалының құрылысы 2006-2008 жылдары Семейдің мемлекеттік даму бағдарламасы аясында жоспарланған». Бұл мақсаттарға 160 млн теңге бөлінеді.
«Вокзалдың орналасатын жері анықталды. Ол «Мирный» ықшам ауданында салынады. Қазіргі кезде нысанның жобалық -қаржылық құжаттары дайындалуда», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері атап өткеніндей, «Ертіс өзені бойымен кеме жүру жолдары жандандырылғаннан кейін, 2005 жылдан бері Семейде өзендік вокзалға сұраныс өсті. Осы уақытта кемелер, кеме жөндеу зауытының пирсіне тоқтауға мәжбүр, өйткені 18 жыл бұрын өзен жол қатынастары тоқталған соң, су айлағы қалмаған».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті