Семейде 2008 жылы "ПАЗ" автобустары құрастырыла бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 2008 жылы "ПАЗ" автобустары құрастырыла  бастайды

Семейде 2008 жылы "ПАЗ" автобустары құрастырыла бастайды

Семей. 26-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Семейде "СемАЗ" ЖШС келесі жылдан бастап "ПАЗ" маркалы автобустарды құрастыра бастамақ, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі қала әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 26 Қараша 2007
  • 585
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, «СемАЗ» көлік жинау зауыты «Павлов автобус зауыты» ААҚ-мен ПАЗ-32053 және ПАЗ-4234 моделінің қалалық және қалааралық автобустарын шығаруға лицензиялық келісім-шарт жасасқан.

«Зауытты іске қосу ресейлік автобустардың бағасын төмендетуге және жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылардың жалпы саны 120 адамнан асып жығылмақ»,- деп атап өтті қалалық әкімшіліктегілер.

Сондай-ақ, жылына 2,5 мың автобус шығару жоспарлануда.

«СемАЗ» ЖШС үстіміздегі жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілген болатын. Қазіргі уақытта мұнда «Daewoo» маркалы автобустар құрастырылуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті