Семейде Абай оқыған медресенің жәдігерлері көрмеге қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде Абай оқыған медресенің жәдігерлері көрмеге қойылды

Семейде Абай оқыған медресенің жәдігерлері көрмеге қойылды

Семейде Абай оқыған атақты Ахмет Риза медресесінің жәдігерлері көрмеге қойылды. Мұнда 19-шы ғасырдағы оқулықтармен қатар, білім ошағының ағаш есігі де бар.

  • 13 Маусым 2015
  • 468
Фото - Caravan.kz

Ахмед Риза медресесі кезінде Семейдегі 8 оқу ордаларының бірі болған. Бала Абай дәл осы жерде 5 жыл білім алды. Көрмеде Абай білім алған кездегі араб-парсы сөздігі, Қытай тарихы сияқты жалпы саны 50-ден аса кітаптардың түпнұсқалары қойылған. Бір айтары, медересе 1949 жылы өртеніп кеткен. Қызыл жалыннан аман қалған ағаш есік те жәдігерлер қатарында. Бетіне араб әріптері мен сандардың математикалық формулаға ұқсас жазулары сақталыпты. Оны медреседе білім алған балалар шимайлауы да мүмкін деп отыр ғалымдар. Қалай дегенмен, жақын арада есік мұқият зерттелмек.

Жандос Әубәкіров, Абай мұражайының директоры:

-Қолданыста тұрған есік енді арнайы жәдігер болып бізге қосылды. Арабша жазулар, қандай жазулар бар. Көптеген жазулары анық, кейбір жазулардың сыны кете бастаған. Болашақта соларды ары қарай зерттей берілуі керек. Онда небір құнды жазулар шығуы ықтимал.