Семейде ауылшаруашылығының тауар өндірушілерін несиелендіруге арналған банк құрылмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде ауылшаруашылығының тауар өндірушілерін несиелендіруге арналған банк құрылмақшы

Семейде ауылшаруашылығының тауар өндірушілерін несиелендіруге арналған банк құрылмақшы

Семей қалалық әкімшілігі қалалық ауылшаруашылығы басқармасының осы өңірде "ауылдық банк" құру туралы ұсынысын мақұлдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қалалық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Амантай Доғалақов хабарлады.

  • 9 Қаңтар 2004
  • 452
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «жер телімін кеңейту, арнаулы техника, асыл тұқым, минералды тыңайтқыштар мен мал сатып алу тәрізді қат-қабат қажеттіліктері бар ауыл тұрғындары үшін несиеге деген сұраныс тұрақты туындайды». Ауыл тұрғындарынан қалалық банктермен тіл табысудың қиындығы туралы арыз-өтініштер көптеп келіп түседі дейді ол. Қалалық банктер беретін несиелердің шарты ауыл тұрғындары үшін тиімсіз. Сол себепті «ауылдық банк» құру көптеген мәселенің басын ашып алуға септігін тигізеді деп пайымдайды шаруа қожалықтарының қожайындары.

«Қазақстанның аграрлық несие корпорациясы» ЖАҚ-ның вице-президенті Балташ Тарабаевтың айтуынша, Семей өңіріндегі азық-түлік өңдеуші кәсіпорындар, ауылшаруашылығы құрылымдары мен ауылдағы несиелік серіктестіктер банкке құрылтайшы болуға дайын. Жаңа «ауылдық банктің» шарты бойынша несие орнына ауылдық округтердегі жылжымайтын мүліктерді, ауылшаруашылығы техникасы мен малды кепілдікке қалдыруға болады. «Осындай банк құру ұжымдық жауапкершілікті талап ететіндіктен екі шаруа қожалығы міндетті түрде кепілдік беруші ролін атқаруы тиіс»,- деді Б.Тарабаев. ЖАҚ вице-президентінің айтуынша, өсімдік шаруашылығымен айналысатындарға несие 1 жылға, ал мал шуаруашылығымен айналысушыларға 3 жылға беріледі.
«Ауылдық банкке» «Семей» деген атау берілді. А.Доғалақовтың айтуынша, ұйымдастырушылардың басты мақсаты — 100 еселенген төменгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі жарғылық қорды жинау болмақ.

Соңғы жаңалықтар