Облыстық ішкі істер департаментінің маманы Бақытжан Торғаевтың айтуынша, қылмыстық іс қозғалып, тергеу аясында бірқатар сараптамалар тағайындалды, істің барлық мән-жайлары тергелуде, оқиғаға қатысты тұлғалар анықталу үстінде.
«Түнде ер адам өз үйінің кіреберісінің жанында «Hyundai» маркалы көлігін тұраққа қойған. Таңертең автомобильдің зақымдалғанын (бампері, алдыңғы дөңгелегі) байқаған ол полицияға шағымданған. Белгісіз біреулердің пиротехниканы қолданғанына ұқсас болды. Барлық БАҚ жазып отырғандай, қатты жарылыс болған жоқ, әйтпесе иесі оны естіп, көлік қатты бүлінетін еді. Өкінішке қарай, БАҚ болған оқиғаның деректерін асырып жіберді», — дейді Бақытжан Торғаев.
ҚР ҚК-нің 2020-бабы бойынша (өзгенің мүлкін қасақана бүлдіру) қылмыстық іс қозғалды.