Шойын жолдан шыққан қос цистерна маңына әп-сәтте шұғыл әрекет ету қызметтері жетті. Қауіпті заттардан уланып, естен таңып қалған азаматты алшақ әкеткеннен соң, құтқарушылар айналаны залалсыздандыруға кірісті. Цистерналардың жан-жағына арнайы көбік шашылып, күкірт қышқылының төгілуін тоқтатты. Құтқару шарасы 15 минутқа созылды. Артынша жолдан тайған цистерналар қайтадан рельске тұрғызылды.