Жел секундына 18 метр жылдамдықпен соққан екен. Салдарынан сауда орнының 230 шаршы метр шатырының жартысын ұшырып жіберген. Дауылға шыдас бермеген шатыр кірпішімен қоса қопарылып қалды. 9 метр биіктіктен ұшқан қирандылар жолда кетіп бара жатқан 58 жастағы азаматтың басын жарыпты.
Салықжан Күлбеков, зардап шегуші:
-Біраздан кейін есімді жинасам шатыр жерде жатыр. Кісі деген қаптап кеткен. Бетімді жуып жатыр. Бір жарты сағаттан кейін жедел жәрдем келіп емханаға алып кетті.