Семейде болашақ жылу электр орталығының іргетасы қаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде болашақ жылу электр орталығының іргетасы қаланды

Семейде болашақ жылу электр орталығының іргетасы қаланды

СЕМЕЙ. 21-маусым. Kazakhstan Today. Семейде болашақ жылу электр орталығының іргетасы қаланды. Бұл туралы журналистерге семейлік жылу желісінің директоры Мұрат Рашидов хабарлады.

  • 21 Маусым 2007
  • 459
Фото - Caravan.kz

Оның ақпараттарына сүйенсек, жаңа 3-ші жылу электр орталығы бұрындары ұсынылғандай оң жағалауда емес, сол жағалауда, «Қазақкабель» кәсіпорыны маңында салынатын болады. Жаңа жылу электр орталығы инвестициялық қаржы есебінен салынбақ. Мұнымен қазандық және жылу электр орталығын салуға мамандандарылған жеке меншік корей компаниясы айналысатындығы белгілі. Бірақ инвесторларға қойылған басты шарттың бірі құрылысқа семейлік мамандарды тарту, деп атап өтті Мұрат Рашидов.

«Барлық шығынды инвесторлар өз мойындарына алып отырғандықтан, бұрындары мемлекеттік бюджеттен 3-ші ЖЭО құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын дайындауға бөлінген қаржы Семейдің жылумен қамсыздандыру жүйесін қайта жабдықтауға жұмсалады»,- деп хабарлады М.Рашидов.

Оның ақпараттарына сүйенсек, инвесторға 3-ші Жылу электр орталығын үш жыл ішінде салу міндеттелді. Корей компаниясы жобаға барлығы 55 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция салып отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті