Семейде ескі көпірдің бір бөлігі құлап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.55
  • 563.38
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде ескі көпірдің бір бөлігі құлап кетті

Семейде ескі көпірдің бір бөлігі құлап кетті


Семейдегі ескі көпірдің бір бөлігі құлап кетті. Көпірде көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

  • 10 Тамыз 2021
  • 68
Фото - Caravan.kz


Көпірінен өтіп бара жатқандар өткелдің бір бөлігінің құлағанына куә болды. Бұл кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Куәгерлер түсірген бейнежазбада көпірдің қатты зақымданғанын көруге болады.

Алайда қазір көпірде көлік қозғалысына тыйым салынған. Бұл оқиғаға әкімдікте түсініктеме берілді.

"Бүгін сағат 20.00 -де вагон көпірінің оң жақ тротуар бөлігінде жаяу жүргіншілер тақтасы сынып кетті. Қала әкімінің орынбасары, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің өкілдері, жол -патрульдік қызмет көпірге барып, олқылықтарды тексерді. Қазір көпірде қозғалыс тоқтатылды",- деп мәлімдеді қала әкімдігі желідегі парақшасында.