Семейде героин сатып жүрген Талдықорған тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде героин сатып жүрген Талдықорған тұрғыны ұсталды

Семейде героин сатып жүрген Талдықорған тұрғыны ұсталды

СЕМЕЙ. 27-маусым. Kazakhstan Today. Семейде героин сатып жүрген Талдықорған тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Семей қалалық ІІБ есірткі саудасымен күрес бөлімінің бастығы Әлібек Бағдатов журналистерді құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 27 Маусым 2007
  • 417
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 44 жастағы әйел Семейге әдейі есірткі сату үшін келген. «Біздің қалада ол пәтер жалдап тұрған, сол жерде героин сатып жатқан кезде өз сатып алушысымен бірге ұсталды»,- дейді тәртіп сақшылары.

«Есірткі сатушы әйелдің пәтерінен 600 грамм, ал ұсталған ер адамнан 15 грамм героин табылды. Тәркіленген есірткі аса ірі партияға жатады, өйткені, бір грамм героин «қара базарда» шамамен 3 мың теңге тұрады»,- деді Ә.Бағдатов.

Оның айтуынша, ұсталған әйелдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің (есірткілік заттарды заңсыз сатып алу, сақтау немесе сату жөніндегі) 259-шы бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті