Семейде мүгедектер наразылыққа шықтық - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде мүгедектер наразылыққа шықтық

Семейде мүгедектер наразылыққа шықтық

Семейде арбаға таңылған мүгедектер наразылық білдірді. Қалада кемтар адамдардың жүріп-тұруына еш жағдайдың қарастырылмағанын айтқан олар көптің көзінше орталық көшенің бойымен жүріп өтті.

  • 14 Қыркүйек 2013
  • 368
Фото - Caravan.kz

Көше бойында пандустардың жоқтығы мен жолдарды жағалай қаптаған бордюрлар мүгедектер үшін күнделікті қиындық туғызады. Орнатылған пандустардың өзі зағиптарға тым ыңғайсыз. Онымен сырғып өтпек болғандар талай мертіккендерін айтуда. Сондықтан амалсыздан жолай өтетін адамдардан көмек сұрауға мәжбүр. Семейдегі түрлі мекемелер мен сауда орындарына кемтарлар мүлдем қатынаудан қалған. Себебі онда кіреміз деп астындағы қоларбаларын бірнеше рет сындырған екен.


Ринат Мұсабаев, Бірінші топтағы мүгедек:

— Қолайсыз жағдайда арба бұзылады. Бұның біреуінің бағасы 75 мың теңге. Қазір мұндай арбалар жоқ та. Пандусты жасайды, жасамайды деп айтпаймыз. Бірақ өте ыңғайсыз. Сол жасаған адамдардың өздері пандуспен көтеріліп көрсе, сонда көрер еді.