Оның ақпаратына сәйкес, қалада орталық базар маңындағы екі автовокзал бар, бірақ олардың біреуі де халықаралық талапқа сай келмейді. Сол себепті инвесторлардың есебінен Қаржаубайұлы көшесінің бойындағы 3-ші АТП ғимаратын жаңалауға шешім қабылданды. «Жаңа автовокзал барлық стандарттарға сай келеді, бұл жерден қала тұрғындары Ресейге де, Қытайға да қатынай алады», -деді сәулетші.
«Халықаралық автовокзалда 150 орынға есептелген күту залы, дәмхана мен қонақ үй қарастырылған. Алдағы уақытта қойма орындары бар үлкен терминал салу жоспарда бар», — деді Қ. Қоқиланов.
Халықаралық автовокзал наурыздың аяғында салтанатты түрде ашылмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті