Оперативтік қызметкердің хабарлауынша, олар медбикені бір ай бойы бақылауға алған. «Кеше біз одан 1,5 мың теңге төлеп, 4 ампуланы сатып алдық, басқаша айтқанда, бір ампула шамамен 300 теңге тұрады», — деді тәртіп сақшылары.
Е. Таниевтің айтуынша, медбике 35 жаста, ол медицина саласында 5 жылдан астам еңбек еткен. «Қазір оның ампулаларды қайдан алғаны анықталу үстінде. Өйткені, психотроптық заттар жай сатылмайды, ал ауруханада препараттар қатаң бақылауда», — деді Е. Таниев.
Ұсталғанның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабы (есірткілік немесе прихтроптық заттарды заңсыз дайындау, сақтау, тасымалдау, жіберу немесе сату жөніндегі) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті