Семейде қаскүнемдер әйелді қатыгездікпен өлтіріп, пәтерін өртеп жіберген - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде қаскүнемдер әйелді қатыгездікпен өлтіріп, пәтерін өртеп жіберген

Семейде қаскүнемдер әйелді қатыгездікпен өлтіріп, пәтерін өртеп жіберген

Семей қаласында оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер әйелдің жанып кеткен денесін тапты.

  • 27 Мамыр 2015
  • 398
Фото - Caravan.kz

Қаскүнемдер 31 жастағы пәтер иесін әуелі өлтіріп, кейін үйін өртеп жіберген.

ТЖ қызметінен хабарлағандай, әйелдің құрсақ тұсына, мойынына көптеген пышақ жарақаттары салынған. Жәбірленуші бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы үш бөлмелі пәтерде тұрған. Өрт сөндіруші қызметкерлер оны жатын бөлмедегі еденнің үстінде жатқан жерінен тапты.

Глинка көшесіндегі пәтерден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама өртке қарсы қызметтің орталық диспетчерлік пультіне сағат 21.02-де келіп түскен.