Семейде салық комитеттерінің қызметкерлеріне арналған "Адам ресурстарын басқару" атты семинар өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде салық комитеттерінің қызметкерлеріне арналған "Адам ресурстарын басқару" атты семинар өтті

Семейде салық комитеттерінің қызметкерлеріне арналған "Адам ресурстарын басқару" атты семинар өтті

Семейде Еуропалық Одақтың ТАСИС бағдарламасының "Салық әкімшілігін жаңалау" жобасы аясында салық комитеттерінің қызметкерлеріне арналған "Адам ресурстарын басқару" атты семинар өтті.

  • 12 Қыркүйек 2003
  • 805
Фото - Caravan.kz

Семинар оқытушысы Питер Зайдерфельдтің (Голландия) KZ-today тілшісіне хабарлауынша, семинар шеңберіндегі оқыту жұмыстары 9 күндік үш сессиядан құралды. Питер Зайдерфельдтің айтуынша, «Адам ресурстарын басқару» тақырыбы қазір қай елде де өзекті. «Азаматтардың кәсіби біліктілік деңгейі жоғары болған сайын тіршілік деңгейі де артады»,- дейді ол.

Семинарға Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстық салық комитеттерінен 12 адам қатысты. Онда адам ресурстарын басқару тақырыбы осы тұрғыдағы Еуропа мен Қазастан тәжірибесін салыстыра талдау негізінде талқыланды. «Бұдан әрі қазақстандық салық мамандары өздерінің Еуропалық әріптестерінен қандай тәжірибені үйренетіндігін өздері шешеді»,- дейді жобаның Қазақстандағы басқарушысы Энтони Армстронг.
Бүгін семинарға қатысушылар «Адам ресурстарын басқару» жөніндегі дәрісті тыңдағаны туралы сертификатқа ие болды. Олардың арасынан ерекше көзге түскен Павлодар облысы Баянауыл ауданынан келген Әмірхан Дзязиков пен Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданынан келген Марина Штайгер «Салық әкімшілігін жаңалау» жобасының Астанада өтетін қорытынды конференциясына шақыру алды.
Энтони Армстронг мырзаның пікірінше, Қазақстанның салық жүйесі ТМД бойынша ең таңдаулы болып саналады. Мұндай жетістікке Салық Кодексін жетілдіру және облыстық және аудандық салық комитеттерін дамыту негізінде қол жеткізілді , — деп пайымдайды ол.
Семей — ҚР қаржы министрлігінің қолдауы, Еуропалық Одақтың жәрдемімен құрылған аймақтық 4 оқыту орталығының бірі. Аймақтық орталықтарда таяу жерде орналасқан аймақтар, облыстар мен аудандардан жиналған салық комитеті қызметкерлері үшін осындай семинарлар өткізіледі. Еуропалық Одақтың бағдарламасы аясында орталыққа видеоконференциялық байланысқа арналған жаңа жабдықтар берілді. Оның көмегімен орталық ҚР қаржы министрлігімен және осындай басқа да орталықтармен қашықтан оқыту әдістемесі арқылы байланыс орнатып, өзара тәжірибе алмаса алады. Осындай орталықтар Семеймен қатар Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар