Шараның өтетіні туралы 1 апта бұрын әлеуметтік желілер арқылы хабарланған. Бала арбасын безендіріп, саябаққа 40 отбасы келіпті. Ата-аналар қиялдарына ерік берген. Арбаны танымастай етіп өзгерту үшін бірнеше күн кеткен екен. Оған мінген бүлдіршіндерін де арба тақырыбына сай киіндіріпті. Ақырында ең креативті арба деп үндістің лашығы кейпіндегі туынды танылды.
Гүлдана Ақышева, Семей қаласының тұрғыны:
-Бір күніміз кетті. Күйеуіміз екеуміз дайындадық осы кешке. Енді әр сайысқа қатысу біз үшін міндет қой. Жеңу-жеңбей біз үшін маңызды емес.