Семейде шөп тиеген көлік тура қала ортасында жанып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде шөп тиеген көлік тура қала ортасында жанып кетті

Семейде шөп тиеген көлік тура қала ортасында жанып кетті

Семейде қос тіркемесіне шөп толтырған КАМАЗ өртеніп, жұртты әбігерге түсірді. Жүк көлігі көше ортасымен жүріп келе жатқанда жанып кеткен.

  • 13 Қыркүйек 2014
  • 472
Фото - Caravan.kz


Аяқ асты тұтанған өрт әп-сәтте Камаздың қос тіркемесін алып кетіп, көліктің жүргізушісі сыртқа шығып үлгеріпті. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар отпен 4 сағаттай арпалысты. Қайта, жалын жақын маңдағы жер үйлерге жетпей ауыздықталған. Жанармай багының жарылуына да жол берілмеді. Алайда машинадағы мал азығының түгі қалмай, күлге айналды. Қазір өртке не себеп болғаны анықталуда. Болжам бойынша, шөпке лық толған тіркеме электр сымдарын жанап өткенде от шықса керек.