Семейде түрменің іргесінде тұратын халық шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде түрменің іргесінде тұратын халық шу шығарды

Семейде түрменің іргесінде тұратын халық шу шығарды

Семейде түрменің іргесінде тұратындар абақтыға қамалғандармен бірдей азап көруде.Онда жарық сөнсе, үйлері де қараңғы қапасқа айналады. Колониядағы арнайы құрылғылардың кесірінен ұялы байланыста дұрыс жұмыс істемейді екен. Сондықтан тұрғындар электр желілері мен байланысты тез арада қалыпқа келтіруді талап етуде. Ал түрме әкімшілігі болса, бұл жағдайға біздің қатысымыз жоқ деп отыр.

  • 16 Сәуiр 2014
  • 219
Фото - Caravan.kz

Семейдің шетіндегі тұрғындар күнделік қоқысқа бұзылған азық-түлігін апарып тастайды. Себебі, жарықтың бірде сөніп, бірде жануынан тамақ та, тұрмыстық техника да шетінен істен шығуда. Жұрт бұған көрші тұрған түрмені кінәлап отыр.

Риза Анғыбаева, Семей қаласының тұрғыны:

-Жарықты ешкімге айтпай, ескертпей өшіре салады. Бір жетіге өшіре ме өздері біледі. Түрмедегі адамдармен бірдей тұрып жатырмыз! Кем емеспіз!

Бостандықта жүрсек те абақтыдағылардың азабын тартып отырмыз   деген тұрғындар желілерді қуат беретін мекеменің өзіне өткізуді талап етті. Алайда, ондағылар ескі сымдар ауыстырылмайынша, қабылдамаймыз деп шорт кескен.

Нұргүл Хайруллина, Семей қаласының тұрғыны:

-Қайда барарымызды білмейміз! Бір арал сияқты бұл жер. Ұмытылып кеткен ешкімге керегі жоқ жер сияқты бұл жер.

Тіпті телефонмен сөйлесудің өзі де мұң екен. Айтуларынша, түрмедегі арнайы құрылғы ұялы байланысты өшіріп тастаған.  Ал тұрғындардың талабын тыңдағанмекеменің әкімшілігі өздерін бекер айыптап отырғанын айтады. Абақтының электр желісі тұрғын үйлермен мүлде байланыспайды екен.


Қайрат Оразбаев, ОВ 156/15 түзеу мекемесінің бөлім бастығы:

-Жарық беру осы біздің мекемеге ғана тиесілі. Басқа тақау орналасқан елді мекендерге ешқандай зияны жоқ. Желілер бізбен байланыспаған. Біз өзі алшақ тұрған түзеу мекемесі.

Ал ұялы байланысты тежейтін құрылғылар тек колония ішінде ғана істейді деп ант су ішті түрме басшылығы. Бұл мәселе бойынша байланыс операторларына шағымдансын деп шаң жуытпады.

-Ұялы байланыстағы ақауға қатысты арнайы комиссия жұмыс атқармақ. Тек содан кейін ғана нақты себеп белгілі болады деп отыр түзеу мекемесінің өкілдері. Алайда түрмеге көрші тұрғандар тексеріс шаралары осы оқиғаның себебін ашып көрсетеріне күмәнмен қарайды.