Семейде ҰБТ орташа баллы 76 пайызды құрады, бұл облыстық деңгейден 4,5 пайызға төмен - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде ҰБТ орташа баллы 76 пайызды құрады, бұл облыстық деңгейден 4,5 пайызға төмен

Семейде ҰБТ орташа баллы 76 пайызды құрады, бұл облыстық деңгейден 4,5 пайызға төмен

Биыл Семей қаласы түлектерінің білімін бағалаудың орташа баллы 76 пайызды құрады, бұл өткен жылға қарағанда 2 баллға және облыс бойынша 4,5 пайызға төмен.

  • 11 Маусым 2015
  • 501
Фото - Caravan.kz

Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Наталья Фесенко баспасөз мәслихатында  ең жоғары балл — 123 екенін хабарлады. Олар №№37, 39 орта мектептердің 2  түлегі.

Шекті деңгейді еңсере алмағандар саны 334. Отыз «Алтын белгі» үміткерлерінің оны  ғана өз білімдерін қуаттады. Үздік аттестатты 28 үміткердің 15-і ғана иелене алады.

Семейде ҰБТ-ға 1193 түлек қатысты. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің 69,4 пайызын құрайды.

23 түлек — халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары ҰБТ тапсырудан босатылды, олар Қазақстан, таяу, алыс шетелдердің ЖОО-ларына грант алды. 193 түлек ҰБТ тапсырудан босатылды, олар Ресей ЖОО-ларына емтихан тапсырғандар. Қалғандары дәстүрлі тәсілмен емтихан тапсыруға тілек білдірді.

Ауыл түлектері ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетті, деп атап өтті Фесенко.


Жарқын ауылында үздік көрсеткіш орын алды — 92,6 балл. Қалалық №37, 30 орта мектептер, экономикалық лицей, №6, 21, 27, 47 гимназия жақсы нәтижелерге ие болды.

№25 мектеп ең төмен нәтиже көрсетті.

Баспасөз мәслихатында  ҰБТ-ға дайндық жыл бойы жүргізілгеніне қарамастан, нәтиже өткен жылғыдан төмен болды. Білім беру бөлімі келесі жылы олықылықтарды түзету бағдарламасын әзірледі, деп хабарлады қала әкімдігінен.