Семейде жаңбырдан соң болған аяздан көктайғақ пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жаңбырдан соң болған аяздан көктайғақ пайда болды

Семейде жаңбырдан соң болған аяздан көктайғақ пайда болды

Семей. 6 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Семейде жаңбырдан соң болған аяздан көктайғақ пайда болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Наурыз 2008
  • 646
Фото - Caravan.kz

«Кеше аздап жаңбыр жауады, ауа температурасы 3-5 градус жылылықты көрсетеді деп болжам айтылған, алайда оның соңы осындай көктайғаққа айналатыны туралы сөз айтылмады. Енді аттап алға басу мүмкін емес «, — деді Семейдің ТЖ басқармасының халықты және аймақты қорғау бөлімінің бастығы Оразхан Ыбраев.

Кенеттен пайда болған жағдайға байланысты қандайда бір шараны қолдану жайы әлі шешілмей, осы уақытқа дейін талқыланып жатыр. «Қаладан шығу жолдарын жабу немесе жаппау, мектептерде екінші ауысымдағы сабақтарды тоқтату сияқты мәселелерді басшылар шешеді. Бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары қазір сабақта отыр, өйткені олар мектепке кеткеннен соң жағдай ушықты. Сондықтан түстен кейін оқитын оқушылардың сабақтары тоқтатылуы да мүмкін «, — деп түсіндірді О. Ыбраев.

Қатты көктайғақтан көлік қозғалысы баяулап, жолдардағы еңіс пен өрлерде көліктер кептеліп тұрып қалып жатыр. ТЖБ атап өткеніндей, әзірге жолдардағы қауіпті жерлерге құм себу керек. Бұл шараларды қалалық тұрмыстық коммуналдық шаруашылық бөлімі шұғыл түрде қолға алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті