Жарияланды: 810

Семейде "Жарылыстан экологияға" атты ұлттық релаксациялық саябақ ашу жоспарлануда

Семей. 26 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Семейде "Жарылыстан экологияға" атты ұлттық релаксациялық саябақ ашу жоспарлануда. Бұл туралы Семей қаласының әкімі Мейрамхат Айнабеков бүгін қалалық мәслихаттың сессиясы барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Саябақ аумағы 1 гектарды құрайтын Полковничий аралының аумағында салынады. "Мен ірі АҚШ компаниясы өкілдерімен бірнеше кездесу өткіздім, ол осы жобаға инвестиция жұмсауға келісті. Бұл бағыттағы барлық мәселелерді біз дәйектедік, директорлар кеңесі келісімін берді. Олар біздің аралды зерттеп көріп, онда жұмыстар жүргізуге болатындығына көздерін жеткізді. Бұнда экологиялық арал құрылып, халыққа және қалаға қызмет етуге тиіс", - деді М. Айнабеков. Оның ақпаратына сәйкес, АҚШ компаниясы бастапқы кезеңде $1 млрд көлемінде инвестиция салмақшы. Ұлттық релаксациялық саябақта ядролық полигон мұражайын, медициналық және қалпына келтіру орталықтарын, демалыс үйін, ипподром, стадион, спорт және мұз айдыны кешендерін салу жоспарланған. "Бұл паркте халықаралық конференциялар, конгресстер өтіп, ғалымдар бас қосатын алаңға айналуға тиіс. Сондай-ақ, ол қала тұрғындары демалатын орынға айналады", - деді М. Айнабеков. Оның айтуынша, инвесторлар Ертісте орналасқан аралға апаратын екі көпірді де салмақшы. "Көпірлер екі жағалауда да салынады. Сонымен бірге, мамандардың есептеуінше, келешекте құрғап кетуі мүмкін делінген оң жақ жағалауда су деңгейін көтеру жұмыстары жоспарлануда", - деді М. Айнабеков. Әкімнің айтуынша, инвестициялық компанияның жоба жасаушы тобы жоба жайын жан-жақты дәйектеу үшін қарашаның аяғында Семейге келмекші. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть