Зардап шегуші әйел ауыр жарақаттарымен оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы Қаржаубайұлы-Шұғаев көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер өтетін жерде орын алды. Жүргізуші оқиға орнынан ізін суытты.
Полиция оқиға куәгерлерін, қандай да бір ақпараты бар азаматтарды Семей қаласының жол полициясы басқармасына 77-70-81, 77-60-05 телефондары бойынша немесе 77-46-76 нөміріне іздеу бөліміне хабарласуды сұрайды.