Жарияланды: 450

Семейде жол үстіндегі жарылыстан бір адам зардап шекті

Семейде 48 жастағы бір ер адам жолдың көлік жүретін бөлігінен шелек тауып алып, оны алып тастамақ болған кезде жарылыс болды,- деп хабарлайды ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен.

Агенттік ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға салдарынан әлгі адамның миы қозғалып, беймәлім жарылғыш заттың жарықшақтарынан жарақаттанып, жедел жәрдем ауруханасына түсті. Оқиға орнына ҰҚК департаменті мен облыстық ІІБ-ның жедел тергеу тобы келіп жетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін