Семейде жүзден аса жұмысшы наразылыққа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде жүзден аса жұмысшы наразылыққа шықты

Семейде жүзден аса жұмысшы наразылыққа шықты

Семейде құрылысқа қажетті қоспаларды әзірлейтін мекеме жұмысшылары наразылыққа шықты. Белгісіз себептермен еңбекақылары қысқарған қызметкерлер жағдайдың тез арада шешілуін талап етуде.

  • 2 Қазан 2013
  • 223
Фото - Caravan.kz

Денсаулыққа қауіпті жерде нәпақа тауып жүрген жүзден астам адам жұмыс орнының алдын қоршады. Күні-түні құрылыс қоспаларын дайындайтын қарапайым қызметкерлер еңбек етуге мүлде жағдай жасалмағанын айтып шағымдануда. Артығымен атқарылған жұмыс, ағзаға келген зиян үшін қосымша ақы төленбейді. Есесіне жалақы еш ескертусіз қысқартылады екен. Серіктестік басшылығы болса, мұның бәрін өтірік деп отыр. Айтуларынша, өндіріс көлемінің төмендеуі салдарынан жалақыны 15 пайызға төмендетіпті. Бірақ жұмысшылар мұнымен келіспей, еңбекақының бұрынғы деңгейіне оралуын талап етті.


Дархан Құсайынов, «Alina PRO» ЖШС қызметкері:

— Жоғалтатын түгіміз жоқ. Бәріміздің мойынымызда несие. Жұмыс істемей тұрамыз, бізге ақша төлемейінше!