Семейдің 1-ші жылу электр орталығы қайта құруды және жаңартуды қажет етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдің 1-ші жылу электр орталығы қайта құруды және жаңартуды қажет етеді

Семейдің 1-ші жылу электр орталығы қайта құруды және жаңартуды қажет етеді

Семей. 26-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Семейдегі 70 жылдан бері пайдаланылып келген 1-ші жылу электр орталығы қайта құруды және жаңартуды қажет етеді. Бұл туралы қаланың жылумен қамтамасыз ету нысандарын аралау барысында Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің мемлекеттік энергияны қадағалау комитетінің төрағасы Болат Рамазанов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 26 Қараша 2007
  • 549
Фото - Caravan.kz

Болат Рамазанов Семейдің жылумен қамтамасыз ету жүйесінің ерекшеліктерін мұқият зерделей келе, оны қайта құру және жаңарту жөніндегі бағдарламаны жалғастыру қажет екендігін атап өтті. «Мұны, қажетті жылу энергетикалық құралдарын сатып алуды ескере отырып, келешектің жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуден бастау керек. Әсіресе өткен жүз жылдықтың 30-жылдарынан бері пайдаланып келе жатқан 1-ші жылу электр орталығын жаңарту қажет»,- деп атап өтті ол.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Б. Рамазанов «Орталық», «103-ші квартал» қазандықтарына, сонымен қатар Әуезов даңғылының бойындағы жылу желісін қайта құру аумағына барып, қаланың жылумен қамтамасыз ету жүйесін жаңарту және қайта құру барысымен танысты.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті