Семейдің бір түзету мекемесінің қызметкері сотталғанға есірткі жеткізбек болған жерінен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдің бір түзету мекемесінің қызметкері сотталғанға есірткі жеткізбек болған жерінен  ұсталды

Семейдің бір түзету мекемесінің қызметкері сотталғанға есірткі жеткізбек болған жерінен ұсталды

СЕМЕЙ. 15 - тамыз. Kazakhstan Today. Сотталғанға есірткі жеткізбек болған Семейдің бір түзету мекемесінің бөлім бастығы, әділет майоры ұсталды. Бұл туралы Семей аймағындағы түзету мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі арнаулы прокуратурасы мәлім етті , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 15 Тамыз 2007
  • 408
Фото - Caravan.kz

Прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, Ішкі істер басқармасының есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері түзету мекемелерінде жедел-алдын-алу іс-шарасы кезінде бөлім бастығы, әділет майорынан есірткі салынған екі дорба тапқан. «Оның есірткіні өте ірі көлемдегі есірткі заттарын сатқаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айрылған бір сотталушыға жеткізбек болғандығы белгілі болды»,- деп түсіндірді арнаулы прокуратуратурадағылар.

Түзету мекемесінің қызметкерлері қамауға алынды, оның үстінен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 259-бабы бойынша (есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, өткізу және сату) қылмыстық іс қозғалды.

Түрменің қызметкері сотталғанға есірткінің қандай түрін және қаншалықты көлемде бермек болғандығы тергеу мүддесі үшін жарияланбай отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті