Жарияланды: 450

Семейдің коммуналдық кәсіпорындарында электр энергиясына шектеу енгізілуде

Берешекті өтеу кестесін бұзғандары үшін ертеңнен бастап «Семей -Су арнасы» және «Жылукоммунэнерго» кәсіпорындарының нысандарына электр энергиясының берілуі шектеледі, деп хабарлады «Шығысэнерготрейд» компаниясынан.

Аталған коммуналдық кәсіпорындардың берешектерінің салдарынан, «Шығысэнерготрейд» компаниясы да «КЕГОК»-тың алдындағы өз қарызын өтей алмай отыр. Жасалып отырған кесте бойынша, 28 шілде 12 тамыздың аралығына Семей қаласының барлық аудандарындағы сорғы стансаларына күн сайын, демалыстан басқа күндері, электр қуатының берілуі шектеледі. 29 шілде мен 3 тамыздың аралығында - «Семей -Су арнасының» нысандарына да жарықтың берілуі шектелмек. Бұл кесте жергілікті билік органдары мен төтенше жағдайлар ведомствосының қатысуымен жасалып отыр, деп хабарлады «Шығысэнерготрейд» компаниясынан. Су арнасы аталған кезеңдерде тұрғындар мен қаланың әлеуметтік маңызды нысандарын резервтік энергия көздерінің есебінен сумен қамтамасыз ету керектігін айтуда. Естеріңізге сала кетейік, шілде-қыркүйек айына жасалған төлем кестесі бойынша, Семейдің коммуналдық кәсіпорындары 90 миллион теңгенің қарызын төлеуі керек болатын, бірақ қазіргі таңда олардан тек 5 миллион теңге ғана түскен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін