Семейдің мемлекеттік мекемелерін тексеру барысында денсаулық сақтау заңының бұзылғандығы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдің мемлекеттік мекемелерін тексеру барысында денсаулық сақтау заңының бұзылғандығы анықталды

Семейдің мемлекеттік мекемелерін тексеру барысында денсаулық сақтау заңының бұзылғандығы анықталды

Семей. 26-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Семей қалалық прокуратурасы мемлекеттік мекемелерді тексеру барысында денсаулық сақтау заңының бұзылғандығын анықтады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Желтоқсан 2007
  • 302
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Семейдің 12 мемлекеттік мекемесіне тексеріс жүргізілген. Оның төртеуінде заң бұзушылықтар анықталған.

«Инфекциялық ауруханада сол кезде балалар үйінен келген балалар медициналық қызметкерлер тарапынан жеткілікті деңгейде күтім көрмегендігі анықталды. Мысалға айтар болсақ, балаларды соңына дейін емдемей ауруханадан шығарып отырған», — деп түсіндірді қалалық прокуратура.

Тексерістер нәтижесінде арасында бас дәрігері де бар инфекциялық аурухананың 9 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге, прокуратура №8 балалар үйінде белгіленген дәрілер балаларға толық берілмеген жайттарды анықтаған. Ал балалар үйінде тәрбиеленушілердің жеке карточкаларында дәрі-дәрмектерді алған уақыттары тіпті көрсетілмеген.

Баспасөз қызметі №2 қалалық аурухананың балалар бөлімін тексеру барысында 35 орынға есептелген бөлімде күрделі жөндеудің қажеттігі анықталды. Сонымен қатар, мұнда емдеу және диагноз қою жұмыстарының сәйкессіздігі белгілі болды. Мысалы, созылмалы өттің қабынуымен ауыратын балаға биохимиялық анализ жасалмаған, құлақ-мұрын және тіс дәрігерлерінің кеңесі белгіленбеген», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қалалық №2 аурухананың төрт бала дәрігері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті