Семейдің жаңа әкімі тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейдің жаңа әкімі тағайындалды

Семейдің жаңа әкімі тағайындалды

СЕМЕЙ.13 наурыз. Kazakhstan Today. Кеше Семей қаласы әкімшілігінің актив мәжілісінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов жаңа әкіммен таныстырды. 1953 жылы туған Мейрамбек Айнабеков әкім болып тағайындалды,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 13 Наурыз 2007
  • 365
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін М.Айнабеков Семейдегі «Қазполиграф» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы болып қызмет атқарған.

Ж. Кәрібжанов Семейдің бұрынғы әкімі Нұрлан Омаровқа атқарған жұмысы мен қаланың әлеуметтік- экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді. Облыс әкімі қаланың жаңа жетекшісіне жаңа қызметінде табыстар тіледі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті