Семейлік 3 жасар бүлдіршінге шұғыл көмек кажет - kaz.caravan.kz
  • $ 469.59
  • 536.22
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік 3 жасар бүлдіршінге шұғыл көмек кажет

Семейлік 3 жасар бүлдіршінге шұғыл көмек кажет

Семейлік 3 жасар бүлдіршінге  шұғыл көмек керек. Кішкентай Кәмиланың оң жақ беті ісіктен ұлғайып кеткен.

  • 28 Тамыз 2013
  • 326
Фото - Caravan.kz

Медицина тілінде бұл дерт –гемангиома деп аталады. Отандық дәрігерлер қанша амалдағанымен, оның көлемі күннен-күнге өсіп келеді. Ата-анасы оны Ресейге апарып та емдетіпті. Алайда олардың да шипасы қонбаған. Енді барлық үміт тек Германиялық мамандарда. Олар қауіпті ісікті алып, сәбидің бетін қалыпқа келтіреміз деп уәде берген. Төрт сатылы ем құны 10 мың еуро. Әкесі таксист, ал анасы студент болғандықтан, ондай қаржы қолдарында жоқ. Сондықтан жұрттан көмек сұрап отыр.


Назым Станбекова, Камиланың анасы:

Алып тастамаса, деформацияға әр түрлі, мұрынға, көзге шабады ісік ары қарай. Ендігі көмек Германияда. Германияда тамырға кіру арқылы сорамыз дейді ісікті. Германияда барлық үміт.