Семейлік бағбан 3 келіден асатын алып қызылша өсірді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейлік бағбан 3 келіден асатын алып қызылша өсірді

Семейлік бағбан 3 келіден асатын алып қызылша өсірді

Семейлік зейнеткер қызылшаға қарық болды. Қарияның еккен көкөнісі қалыптағы көлемінен бірнеше есе ірі шығып, салмағы 3 келіден аса тартады.

  • 26 Қыркүйек 2013
  • 332
Фото - Caravan.kz


63 жастағы Күлпан Түсіпова бақша дақылдарын биыл әдеттегіден кеш егіпті. Соған қарамастан қызылшасы бітік шыққан. Өсірілген көкөністің ең кішкентайы 2 келідей. Қызылшаны өсіруде ешқандай өзгеше тәсіл, не тыңайтқыш қолданған жоқпын,- деп ағынан жарылады кейуана. Тек күнделікті суарып қана отырған екен. Енді қыс бойы қызылшадан тапшылық болмайтынына қуанады зейнеткер.