Жарияланды: 590

Семейлік Бибі әже бір ғасыр ғұмыр кешті

Бүгін, 10-наурызда Семейлік Бибі Ақынжанова бір ғасырлық мерейтойын атап өтуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Б.Ақынжанованың айтуынша, бар ғұмырын еңбекке арнаған кейуана фермадағы есепшіліктен бастап аудандық соттың мәслихатшысына дейін көтерілді. Бибі әже Семей өңірінің Чарск қаласында туған. 1969-жылы Семейге қоныс аударды. Жұбайы соғыста мерт болған ана үш баласын өзі тәрбиелеп, өсіріп-өндірді . Қазір бақытқа кенелген Бибі әженің төрт немересі, 7 шөбересі бар. "Ұрпақ-жұрағатымды басты байлығым деп білемін",- дейді кейуана. Ұзақ ғұмырының құпиясы туралы ол ешкімге тіс жармайды. Бүгін Семей әкімі Нұрлан Омаров Б.Ақынжанованы 100 жылдық мерейтойымен құттықтады. Ол бір ғасыр ғұмыр кешкен анаға қазақы камзол мен жеміс-жидек, кәмпиттерден сый-сыяпат ұсынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін