Сенат әскери қызметке қатысты мәселелері жөніндегі заңға енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда қарап мәжіліске қайтарды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сенат әскери қызметке қатысты мәселелері жөніндегі заңға енгізілетін түзетулерді екінші  оқылымда қарап мәжіліске қайтарды

Сенат әскери қызметке қатысты мәселелері жөніндегі заңға енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда қарап мәжіліске қайтарды

АСТАНА. 29-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Әскери қызмет мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарап,оған өз түзетулерін енгізіп мәжіліске қайтарды , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 29 Наурыз 2007
  • 422
Фото - Caravan.kz

Түзетулер заң жобасының қазақ тіліндегі редакциясына енгізілді, делінген сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Заң жобасы заңнама нормаларын «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» заңға сәйкестендіруге бағытталады.

Атап айтқанда, «әскери қызмет», «әскери комиссариат» сөз тіркестері «әскери қызмет» және «жергілікті әскери басқарма органдары» сөз тіркестеріне ауыстырылады.

«Прапорщик», «мичман», «мерізімінен тыс қызмет» сөздерін қолданыстан алып тастауға ұсыныс жасалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті