Жарияланды: 780

Сенат азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қарым-қатынастар туралы Конвенцияны бекітті

Бүгін, 19-ақпанда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қарым-қатынастар туралы Конвенцияны бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің (Түрікменстан мен Өзбекстаннан басқа) басшылары Кишиневте 2002-жылы 7-қазанда қол қойған. Конвенцияға сәйкес уағдаласушы тараптар өзара құқықтық көмек көрсете алады. Атап айтсақ, келісімге қол қоюшы тараптардың әрқайсысының заңды тұлғалары мен жеке азаматтары, сондай-ақ, сол аумақта тұратын басқа да жеке тұлғалар екінші бір уағдаласушы жақтың әділет мекемесінің лауазымды қызметкерінің іс-әрекетіне қатысты шағымдануға және залал келтірген жағдайда Уағдаласушы Тараптардың заңдарына сәйкес оны өндіруді талап етуге құқылы. Конвенцияда сондай-ақ, екі немесе одан да жоғары уағдаласушы тараптардың аумағында бір немесе бірнеше адам тарапынан қылмыс жасалған жағдайда және уағдаласушы тараптардың мүддесіне қайшы келетін істерді шұғыл әрі жан-жақты тектеп-тексеру, тергеу үшін бірлескен жедел-тергеу топтарын құру және олардың іс-қызметін ұйымдастыру қарастырылған. Құжатта сондай-ақ, бір мемлекеттің прокуроры екінші мемлекеттің аумағындағы азаматтық процесске қатысу мүмкіндігі реттеледі. Ратификация туралы заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін